Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының символикасы


Қазақстан Республикасының елтаңбасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!




Миссия
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЛАЛАРЫНА ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРДЫ БІЗ ДАЯРЛАЙМЫЗ!
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЛАЛАРЫНА
ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРДЫ БІЗ ДАЯРЛАЙМЫЗ!
ҚЫСҚАША КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының ағарту министрлігінің алқасының шешімімен (1980 жылғы 15 тамыздағы № 120 бұйрығы) №2 АМГПК педагогикалық училище ретінде құрылған). Алғашқы аттестаттаудан 1992 жылы желтоқсан айында өтті, содан кейін 1993 жылдың 31 тамызында №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық -педагогикалық колледжі болып құрылды.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Алматы қаласы білім беруді бақылау департаменті берген 2008 жылғы 9 қазандағы № 0059667 білім беру қызметіне мемлекеттік лицензиясы.
2016 жылдың қараша айында колледж кезекті мемлекеттік аттестациядан өтті. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің білім беру қызметі барлық мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігін белгіледі.


КОЛЛЕДЖДІҢ САНДЫҚ КӨРСЕТКІШІ
Білім саласында жыл
білікті оқытушылар
2020 жылы бітірушілер



БІЛІМ БЕРУ КЛАСТЕРІ
2016 жылдың мамыр айында колледждің базасында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Алматы білім басқармасы, Алматы қаласының базалық мектепке дейінгі мекемелері және жалпы білім беру мектептері бірлескен білім беру кластері жұмыс істей бастады.
Білім беру кластері шеңберіндегі іс-шаралар кәсіби педагогикалық мәселелердің барынша тиімді шешілуіне, сондай-ақ білікті оқытушылар құрамын оқытуға барынша қол жеткізуге мүмкіндік береді. Білім беру кластерінің негізінде «Құзыреттілік орталығы» жұмыс істейді.


ӘЛУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕРІ
Колледждің әлеуметтік серіктестері – мектепке дейінгі білім беру мекемелері, жалпы білім беретін мектептер (орта мектеп), орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелері, мектеп-интернаттар, қоғамдық ұйымдар және т.б.
Ынтымақтастықтың икемді нысаны ретінде әлеуметтік әріптестік тәжірибенің барлық түрлерін, бірлескен ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға, ақпарат алмасу деңгейін және сапасын арттыруға мүмкіндік берді.


ОҚИҒАЛАР МЕН АНОНСТАР
маусым, 2022
Оқиғалар жоқ

