КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ
Білім беру мемекемесінің жалпы сипаты
Білім беру мекемесінің түрі, мәртебесі
Мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорын «№2Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогиалық колледжі» мемлекеттік бюджеттік арнайы орта кәсіптік білім беру мекемесі ҚР білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласының Білім Басқармасының ведомстволық бағынудағы заңды тұлға болып табылады. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылтайшы Алматы қаласының әкімдігі.
Колледж білім беру қызметін Алматы қаласының Экономикажәнебюджеттік жоспарлау Басқармасы берген 09.10.2008 жылғы АА-5 сериялы № 0059667 мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады(жарамды уақыты шектеусіз).
Колледж қызметінде ҚР «Білім туралы» Заңын,( ҚР Үкіметінің қаулысымен 17 мамыр 2013 ж № 499 бекітілген),техникалық және кәсіптік ұйымадардың қызметінің үлгілік ережелерін, ҚРБжҒ бұйрықтарын, Жарғыны, колледждің даму қағидасын, педаггоикалық кеңестердің шешімдерін басшылыққа алады.
2017-2018 оқу жылының басымды бағыттары
- Колледждің оқу тәрбие жұмысын жетілдіру.
- Білім сапасын, білім беру нәтижелерін сараптау, критериалды бағалау жүйесін енгізу арқылы басқару.
- Салалық кадрларды даярлау, қайта даярлау , біліктілікті арттыру , сертификаттау кластерін №2 АМГПК базасында жүргізу
- Колледждің ғылыми- әдістемелік қызметін шығармашыл топтардың белсенді істерімен жетілдіру.
- Колледждің оқу тәрбие үрдісін демократизациялауды жалғастыру.
- Оқу тәрбие үрдісіне «Өзін- өзі тану » пәнін кірктіру арқылы коледжде білім тәрбие беру кеңістігін жасау.
- Колледждің білім беру ортасын ақпараттандыру.
- Колледждің қаржы экономикалық механизмін жетілдіру.
Концептуалды мақсататры
- Қоғам мен экономиканың индустриалды инновациялық дамуының талаптарына, әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге сәйкес кәсіби педагогикалық білімді модернизациялау, педагог мамандығының мәртебесін көтеру;
- Білім алушылардың азаматтық белсенділігін , әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық сезімін, рухани, көшбасшылық қасиеттерін арттыру.
Колледж миссиясы
«Қазақстан балаларына үздік мұғалімдерді біз даярлаймыз!»
Білім беру мекемесінің түрі, мәртебесі
Мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорын «№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогиалық колледжі» мемлекеттік бюджеттік арнайы орта кәсіптік білім беру мекемесі ҚР білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласының Білім Басқармасының ведомстволық бағынудағы заңды тұлға болып табылады.
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылтайшы Алматы қаласының әкімдігі.
Колледж білім беру қызметін Алматы қаласының Экономикажәнебюджеттік жоспарлау Басқармасы берген 09.10.2008 жылғы АА-5 сериялы № 0059667 мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады(жарамды уақыты шектеусіз)
Колледж қызметінде ҚР «Білім туралы» Заңын, ( ҚР Үкіметінің қаулысымен 17 мамыр 2013 ж № 499 бекітілген),техникалық және кәсіптік ұйымадардың қызметінің үлгілік ережелерін, ҚРБжҒ бұйрықтарын, Жарғыны , колледждің даму қағидасын, педаггоикалық кеңестердің шешімдерін басшылыққа алады.
2017-2018 оқу жылының басымды бағыттары
- Колледждің оқу тәрбие жұмысын жетілдіру.
- Білім сапасын, білім беру нәтижелерін сараптау, критериалды бағалау жүйесін енгізу арқылы басқару.
- Салалық кадрларды даярлау, қайта даярлау , біліктілікті арттыру , сертификаттау кластерін №2 АМГПК базасында жүргізу.
- Колледждің ғылыми- әдістемелік қызметін шығармашыл топтардың белсенді істерімен жетілдіру.
- Колледждің оқу тәрбие үрдісін демократизациялауды жалғастыру.
- Оқу тәрбие үрдісіне «Өзін- өзі тану » пәнін кірктіру арқылы коледжде білім тәрбие беру кеңістігін жасау.
- Колледждің білім беру ортасын ақпараттандыру.
- Колледждің қаржы экономикалық механизмін жетілдіру.
Концептуалды мақсаттары
- Қоғам мен экономиканың индустриалды инновациялық дамуының талаптарына , әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге сәйкес кәсіби педагогикалық білімді модернизациялау, педагог мамандығының мәртебесін көтеру;
- Білім алушылардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық сезімін, рухани, көшбасшылық қасиететрін арттыру
Колледж миссиясы
«Қазақстан балаларына үздік мұғалімдерді біз даярлаймыз!»
Оқу мекемесін басқару жүйесі
Колледжді басқару ҚР «Білім беру» заңнамасымен, жарғымен айқындалады. Колледждің оқу тәрбие жұмысының негізгі міндеті сапалы білім беру, кәсіби құзыреттерін, азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Тікелей басшылықты, білім беру қызметін, қаржы шаруашылық, күнделікті жұмыстарды басқаруды педагогтар ұжымы мен қоғамдық ұйымдарға сүйене отырып директор жүргізеді.
Мекеменің негізгі қызметінің жалпы стратегиялық , тактикалық бағыттарын анықтап, білім беру үрдісіндегі субьектілер( оқытушылар, ата аналар ,білім алушылар ) құқықтары мен мүдделерін қорғайтын колледждің өзін өзі басқаруда жоғары органы болатын еңбек ұжымының жиналысы.
Колледжде оқу -әдістемелік, ғылыми зерттеу , тәрбие жұмыстары бойынша алқалы шешімдер шығару үшін кеңес органдары бар: педагогикалық кеңес; кәсіподақ; оқу- әдістемелік кеңес ;пәндік әдістемелік комиссиялар; кураторлар әдістемелік бірлестігі; білім алушылардың өзін- өзі басқару кеңесі;
Өзін -өзі басқару органдардың құзыреттілігі мен өкілеттілігі локалдық актілер, Жарғымен белгіленеді. Әрбір басқарушылық құрылымның міндеті нақты белгіленген , басшы тарапынан пәндік әдістемелік комиссияларға , бөлімдерге , оқытушы мен білім алушыларға өкілетті тұлғалар бөлінген ; басқарушылыққа әлуметтік серіктестер де қатыса алады.
Колледждің мемлекеттік қоғамдық басқарушылығына қарай ,көптеген мәселелер қоғамдық органдардың құзыретіне қатысты болады. Әкімшілік қызметкері, басқа да қызметкерлердің құқықтары мен міндететрі лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді.
Материалдық техникалық базасы
Колледжде заманауи материалдық техникалық база жасалған . Олар:
- 21 оқу кабинеті;
- хореография залы;
- спорт залы;
- конференц-залы;
- 7 компьютер класы;
- 1 лингафондық класы;
- өзін – өзі тану кабинеті;
- бейнелеу өнері мен қолөнері шеберханасы;
- 48 орындық кітапхана ,52 000 бірліктен астам кітап қоры;
- 25 орындық буфет.
Кәсібилік құрамы


Качественный состав педагогического коллектива
63 штаттық білікті оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 47 педагог жоғары және бірінші санатты.
«Білім беру үздігі» атағымен – 6
«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері » төсбелгісі -2 оқытушы. Педагогика ғылымының кандидаты – 1.
Ғылымиәдістемелік жұмыс
Колледжде педагогтардың ғылыми әдістемелік потенциалын жетілдіру , үйлестіру , оқу үрдісін әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жолдарымен айналысатын оқу әдістемелік кеңес алқалы орган қызмет жасайды.
Кеңес құрамына пәндік әдістемелік комиссия жетекшілері , әдіскерлер, директордың орынбасарлары кіреді.
Оқу -әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері:
– Оқу үрдісінің сапалылығын сараптауды ұйымдастыру;
– Оқу, оқу- әдістемелік, ғылыми әдістемелік басқа да әддістемелік материалдарды басып шығаруды жоспарлау, нұсқау беру;
– Колледж оқытушыларының тәжірибесін жинақтау;
– Оқытушылардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, аттесттаудан өткізу;
– Басымды бағыттарды дамыту мақсатында колледж оқытушыларынан шығармашыл топтардың жұмысын ұйымдастыру;
– Оқу -әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында педагогтарға көмек көрсету;
– Элективтік пәндердің бағдарламаларын қарастыру, бекіту;
– Семинар ,конференцияларды ұйымдастыру және өткізу;
«№2Алматы мемлекеттік гуманитарлық -педагогиалық колледжінде педагогикалық шеберлікті жетілдіруде пәндік әдістемелік комиссияларының орны бөлек .
Пәндік әдістемелік комиссияларының жұмысы Ережеге сәкес жүргізіледі . Оқытушылардың колледж ішінде, одан тыс жерлерде белсенді болуына үлкен ықпалын тигізеді. Барлық оқытушылар 8 ПӘК құрамына кіреді:
- Қазақ тілі мен әдебиет ПӘК
- Орыс тілі мен әдебиет ПӘК
- Жалпы кәсіби пәндер ПӘК
- Арнайы пәндер ПӘК
- Жалпы білім беру ПӘК
- Ағылшын тілі ПӘК
- Дене шынықтыру және АӘД ПӘК
- Әлеуметтік -экономикалық ПӘК
Білім сапасының жоғары болуына педагогтің біліктілігін көтеру негізгі шарт болып табылады. Колледжде бұндай жағдай толығымен жасалған. Мұғалімдер курстарға бару, аудан, қала, түрлі конференцияларға, «дөңгелек үстелдерде», семинарларда қатысу арқылы өз біліктіліктерін көтереді. Негізгі біліктілікті көтеру жолдары: курстар, ашық сабақтарға қатысу оны талдау және оқытушыларға арналған оқыту семинарлары болып табылады. Педагогтардың біліктіліктерін жоғарлату орны болып «Холдинг Кәсіпқор», «Өрлеу», ННПООЦ «Бөбек» дәстүрлі базалар болып келеді.
Пәк қызметін, оқытушылардың ретингісін бағалау
Пәк қызметін, оқытушылардың қызметінің рейтингісін бағалау жүргізіледі.
Осындай бағалау оқытушылардың жұмысына ғылыми әдістемелік, тәжірибелік, тәрбиелік жағынан бағалауға септігін тигізеді Рейтингтік бағалау оқытушылардың өткен жылдағы жұмысының қорытындысын байқауға,сараптап өз кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді. Сонымен мұғалімдерге кәсіби біліктіліктерін жоғарлатуға , шеберліктерін шындауға жол ашып, болашақ мамандарды сапалы даярлауда, колледж рейтінгісін көтеруде маңызы зор.
Колледж тарихы мұражайы
Білім алушыларға патриоттық тәрбие беру орталығы
Колледж құрылған кезден мұражай бар. Бұл жерде колледждің тарихына баланысты құжаттар, материалдар жинақталған.
1980 жылдан бастап , осы күнге дейін мұражай атаулы кезеңдерді айқын көрсетіп жатыр.
Мұражайлық педагогиканың мақсаты білім алушыны мұражай жұмыстарына баули отыра жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұражайда патриоттық бағытта тәрбие беру мақсатымен экскурссия ұйымдастырылады және кәсіби бағдарлау жұмыстарымен мектеп оқушылары да келіп танысуға болады.
Кітапхана
Ақпараттық -коммуникациялық орталық (кітапхана ) №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық- педагогиалық колледжінің құрылымдық бөлімшесі оқу үрдісін, тәрбие жұмысын ақпараттық библиографиялық жағынан қамтамасыз етеді.
Кітапханалық қызмет көрсету абонементтік және оқу залы бөлімшесінен тұрады. Кітапхана колледж басшысы бекіткен жоспарға сәйкес жұмыс жасайды.
Негізгі қызмет бағыттары:
Оқу тәрбие үрдісін және өздігінен білімін көтеру үшін білім алушы мен оқытушыларға ақпараттық библиографикалық қызмет көрсету.
Пайдаланушыларға функционалды зоналар бөлінген: оқу және анықтамалық әдебиеттерді, кезеңдік басылымдар мен өлкетану әдебиеттерін ашық көретін.
Оқу залында 6 компьютер интернет жүйесіне қосылып тұр. Кітапхана көшірме техникасымен қамтамасыз етілген.
Кітапхана қоры осы күнде 48377 дана құрайды. 2014 жылдан КАБИС электрондық каталогы жүргізілуде. Бағдарламаға 13904 дана енгізілген; казақ тілінде 7334дана, орыс тілінде 6507 дана, басқа тілдерді 32 дана. 2017 жылы 2437дана сатылып алынды (254 атаулы ), сомасы 4067377,21 тенге.
Жаңадан алынған кітаптар өңдеуден өтіп КАБИС бағдарламасына енгізілді.
Кітапхана қызметімен падаланушылар: білім алушылар, оқытушылар, басқа да колледж қызметкерлері.
Бүгінгі күні кітапхана негізгі ресурстық база болып, түрлі кітапханалық қызметтерді көрсететін ақпараттық орталық болып табылады.