КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ
Білім беру мемекемесінің жалпы сипаты
Білім беру мекемесінің түрі, мәртебесі
«№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны — арнаулы орта кәсіптік білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі, Алматы қаласы білім басқармасының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық бағынысындағы заңды тұлға болып табылады.
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылтайшысы ретінде Алматы қаласының әкімдігі.
Колледж білім беру қызметін Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы берген 09.10.2008 ж.серия АА-5 № 0059667 мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады (қолданылу мерзімі шектелмеген).
Колледж өз қызметінде Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген), ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын, колледж жарғысын, 2016-2020 жылдарға арналған № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжін дамыту тұжырымдамасын, колледждің даму стратегиясын, колледждің педагогикалық кеңесінің шешімдерін басшылыққа алады.
2020-2021 оқу жылына қойылатын негізгі міндеттер:
- ТжКБ білім беру ұйымдарының академиялық дербестікке көшуін регламенттейтін НҚА зерделеу;
- кредиттік-модульдік технологияны енгізу бойынша жұмысты бастау;
- кредиттердің жинақтаушы жүйесіне көшу тетігін зерделеу, білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алуды бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін енгізу;
- оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу бойынша колледж оқытушыларының ғылыми-әдістемелік жұмысын жандандыру;
- қашықтан оқытудың сандық мазмұнын жасау;
- колледж білім алушыларының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш білім беру» құзыреттіліктері бойынша WorldSkills өңірлік және халықаралық Чемпионаттарына қатысуын қамтамасыз ету;
- «Ұстаз» кәсіподақ комитетінің қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, оқытушының беделін арттыру, олардың еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмысын жалғастыру;
- педагогикалық мамандықтарға талапкерлерді тарту бойынша оқытушылар мен білім алушылардың кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін іздеуді жүзеге асыру;
- «Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыру;
- Алматы қаласының білім беру кластері және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жұмысты жалғастыру.
2020-2021 оқу жылына педагогикалық колледжді дамытудың басым бағыттары:
- Колледждің оқу-тәрбие процесін басқаруды одан әрі жетілдіру.
- Кредиттік-модульдік технология негізінде әзірленген бағдарламаларды енгізу, мониторинг, білім беру нәтижелерін диагностикалау арқылы білім беру сапасын басқару жұмысын жүзеге асыру
- Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың тәсілдерін жетілдіру.
- Педагогтардың IT-құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру.
- № 2 АМГПК базасында үйлестіру оқу орталығымен кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және сертификаттау жөніндегі білім беру кластерінің қызметін жетілдіру.
- Оқытушылардың педагогикалық тәжірибесін тарату, білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру бойынша колледждің ғылыми-әдістемелік қызметін жетілдіру.
- Тәрбие жұмысын жаңғырту жағдайында адами капиталдың сапасын арттыру.
- РАБ «Өзін-өзі тану» пәнін білім беру кеңістігіне кіріктіру бойынша ТжКБ базалық ұйымы ретінде колледж қызметін жетілдіру.
- Колледждің білім беру ортасын одан әрі цифрландыру.
Концептуалды мақсаттары
- қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес кәсіби педагогикалық білім беруді жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу;
- педагог кәсібінің беделін арттыру;
- білім алушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Колледж миссиясы
«Біз Қазақстан балалары үшін үздік педагогтарды даярлаймыз!»
Пайымдауы
қоғамда және халықаралық білім беру кеңістігінде беделі жоғары, білім беру саласында құзыретті мамандар даярлау саласында Қазақстан Республикасының жетекші білім беру ұйымдарының бірі болу.
Мақсаты
білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білікті мамандарды даярлау.
Оқу мекемесін басқару жүйесі
Колледжді басқару “Білім туралы” Қазақстан Республикасының заңнамасының, Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады және жеке басшылық, өзін-өзі басқару ұстанымынан құрылады.
Колледждің оқу-тәрбие жұмысының негізгі міндеті сапалы білім беру, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін жағдай жасау, азаматтық ұстанымды қалыптастыру, шығармашылық ойлайтын бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады.
Білім беру процесін, Қаржы-шаруашылығын ағымдағы қызметті тікелей басқаруды өз жұмысында педагогикалық ұжым мен қоғамдық ұйымдарға сүйене отырып, колледж директоры жүзеге асырады.
Колледждің жоғары өзін-өзі басқару органы еңбек ұжымының жалпы жиналысы болып табылады, ол мекеме қызметінің жалпы стратегиялық және тактикалық бағыттарын анықтау бойынша функциялар берілген, тіршілік әрекетінің маңызды мәселелерін шешеді, колледж қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, білім беру процесі субъектілерінің (оқытушылардың, ата-аналардың, білім алушылардың) құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша функцияларды орындайды.
Колледжде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысы мәселелерін шешуде алқалылықты қамтамасыз ететін бірқатар кеңесші органдар жұмыс істейді: педагогикалық кеңес; кәсіподақ; оқу-әдістемелік кеңесі; пәндік-әдістемелік комиссия; оқу топтары кураторларының әдістемелік бірлестігі; білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі.
Өзін-өзі басқару органдарының құзыреттері мен өкілеттіктері жергілікті актілермен және колледж Жарғысымен айқындалған. Әрбір басқару құрылымының функциялары нақты анықталған, колледж басшысынан пәндік-әдістемелік комиссиялар мен бөлімшелерге, оқытушылар мен білім алушыларға өкілеттіктер берілген; басқаруға әлеуметтік әріптестер тартылған. Мемлекеттік-қоғамдық басқарудың дамуымен колледжде қоғамдық басқару органдарының құзыретіне жататын мәселелер шеңбері кеңейді, кеңесші органдардың шешімдерінің үлес салмағы артты.
Әкімшілік-басқару қызметкерлерінің, колледж қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.
Материалдық техникалық базасы
Колледжде заманауи материалдық техникалық база жасалған . Олар:
- 21 оқу кабинеті;
- хореография залы;
- спорт залы;
- конференц-залы;
- 7 компьютер класы;
- 1 лингафондық класы;
- өзін – өзі тану кабинеті;
- бейнелеу өнері мен қолөнері шеберханасы;
- 48 орындық кітапхана ,52 000 бірліктен астам кітап қоры;
- 25 орындық буфет.
Кәсібилік құрамы
Качественный состав педагогического коллектива
Колледждің оқу-тәрбие процесін 62 білікті штаттық оқытушы жүзеге асырады. Барлық оқытушылардың жоғары кәсіптік базалық білімі бар.
Колледжде мамандарды даярлауды мемлекеттік наградалармен марапатталған оқытушылар жүзеге асырады:
“Білім беру үздігі” – 2 (Л. М., Сараева Л. В. Костенко.);
“ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері” – 2 (Б.Ч.Дуанабаева , И.А.Зинковец )
Сондай-ақ колледжде ғылыми және ғылыми дәрежесі бар оқытушылар жұмыс істейді:
педагогика ғылымдарының кандидаты-1 (Б.Ч.Дуанабаева );
филология ғылымдарының кандидаты-1 (Е.В.Тюкачева );
Магистрлер-13 адам (К.С Болатбекова., А. С Арынтаева., Е. Ф Папия., Н. П Ренгулова., Э. Е Орынбаева., А. Д Кунтубаев., А. Е Мусаева., А. К Отельбаева., А.О Баймуратова., Г. А Изгуттиева., У. А Киздарбекова., Н. Е Мубарак., Г. М Садыкова.).
63 штаттық білікті оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 47 педагог жоғары және бірінші санатты.
Ғылымиәдістемелік жұмыс
Колледжде педагогикалық кеңеспен қатар алқалық басқару органдарының бірі оқу-әдістемелік кеңес болып табылады, ол оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, және педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіреді.
Кеңес құрамына пәндік-әдістемелік комиссия жетекшілері, әдіскерлер, колледж директорының орынбасарлары, тәжірибелі оқытушылар кіреді.
Оқу-әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері:
– оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету сапасының мониторингін ұйымдастыру;
– оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқу құралдарын және басқа да әдістемелік материалдарды баспаға ұсыну, сараптама ұйымдастыру, жоспарлау;
– колледж оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату;
– педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау жұмыстарын ұйымдастыру;
– білім беруді дамыту және оны іске асырудағы басым бағыттарды қалыптастыру мәселелері бойынша колледж оқытушылары қатарынан шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастыру;
– оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және педагог қызметкерлерге практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау;
– элективті пәндер бағдарламаларын қарау және бекіту;
– оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу.
№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде Педагогикалық шеберлікті арттырудың белсенді түрлерінің бірі пәндік-әдістемелік комиссиялардың қызметі болып табылады. Пәндік-әдістемелік комиссиялардың жұмысы ОӘК туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады және педагогтің тұлғалық дамуын қамтамасыз етеді, өз білімін жүзеге асыру және кәсіби деңгейін арттыру үшін жағдай жасауға ықпал етеді, колледж оқытушыларының қала мен республиканың педагогикалық білім беру кеңістігіне белсенді қатысуын үйлестіреді. Колледждің барлық оқытушылары 5 ОӘК-ға біріктірілген:
- ОӘК тілдік пәндер
- Жалпы білім беру және әлеуметтік-экономикалық пәндер ЖМК
- Жалпы кәсіптік пәндер ОӘК
- Арнайы пәндер ОӘК
- Дене шынықтыру, БӘД және қосымша білім беру ЖМК
Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз етудің міндетті шарты педагогтің біліктілігін арттыру болып табылады. Колледжде біліктілікті жүйелі түрде арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Оқытушылардың біліктілігін арттыру біліктілікті арттыру курстары арқылы, қалалық, аудандық, өңірлік семинарларға, конференцияларға, “дөңгелек үстелдерге”, басқа да интерактивті нысандарға, сондай-ақ педагогикалық колледжішілік оқуларға, оқу-әдістемелік кеңестерге, кәсіптік семинарларға, өндірістік оқу шеңберінде қатысу арқылы жүзеге асырылады.
Біліктілікті арттырудың негізгі нысандары: біліктілікті арттыру курстары, ашық сабақтарға қатысу және талдау, оқытушыларға арналған оқыту семинарлары болып табылады. Колледждің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өтудің дәстүрлі базалары: “Кәсіпқор” Холдингі ” КЕАҚ, “НЗМ” ПШО, “Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы”, “Өрлеу” БАҰО АҚ, “Бөбек” ҰҒПББСО және басқа да институттар болып табылады.
Пәк қызметін, оқытушылардың ретингісін бағалау
Пәк қызметін, оқытушылардың қызметінің рейтингісін бағалау жүргізіледі.
Осындай бағалау оқытушылардың жұмысына ғылыми әдістемелік, тәжірибелік, тәрбиелік жағынан бағалауға септігін тигізеді Рейтингтік бағалау оқытушылардың өткен жылдағы жұмысының қорытындысын байқауға,сараптап өз кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді. Сонымен мұғалімдерге кәсіби біліктіліктерін жоғарлатуға , шеберліктерін шындауға жол ашып, болашақ мамандарды сапалы даярлауда, колледж рейтінгісін көтеруде маңызы зор.
Колледж тарихы мұражайы
Білім алушыларға патриоттық тәрбие беру орталығы
Колледж құрылған кезден мұражай бар. Бұл жерде колледждің тарихына баланысты құжаттар, материалдар жинақталған.
1980 жылдан бастап , осы күнге дейін мұражай атаулы кезеңдерді айқын көрсетіп жатыр.
Мұражайлық педагогиканың мақсаты білім алушыны мұражай жұмыстарына баули отыра жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұражайда патриоттық бағытта тәрбие беру мақсатымен экскурссия ұйымдастырылады және кәсіби бағдарлау жұмыстарымен мектеп оқушылары да келіп танысуға болады.
Кітапхана
КОЛЛЕДЖ КІТАПХАНАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Кітапхана: Алматы, Таугүл-2 ықшамауданы 29/3, орналасқан
МКҚК «№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі»
Кітапхананың веб-парағының мекен-жайы: http: //saltun1967.wi.BIZsite.com/addpk lidrare
№2АМГПК кітапханасының «Қазақстандық кітапханалар одағы» ҚБС мүшелігіне кіру туралы куәлік 2020 ж. Қазан IFLA, BAE Қауымдастырылған мүшесі тіркеу № 89 23.10.2020 ж.
№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің кітапханасы 1980 жылы құрылған. Біздің колледжіміздің тарихы 1980 жылдан басталады. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi алқасының шешiмiмен (15.08.80 ж. N 120 бұйрық) Алматы педагогикалық училищесi құрылды, 1993 жылғы тамызда педагогикалық колледж болып қайта құрылды. 2008 жылы №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі болып өзгертілді.
Ақпараттық-коммуникациялық орталық – (бұдан әрі – Кітапхана ) өз жұмысын «Колледж кітапханасының қызметін ақпараттандыру» бағыты бойынша ұйымдастырады. Кітапхана колледждің екінші қабатында орналасқан. Кітапхананың жалпы ауданы 90,0 шаршы метрді құрайды (оның ішінде 54 шаршы метр, 48 орынға арналған оқу залы және оқу қорын сақтауға арналған 36 шаршы метр абонемент).
Кітапхана қызметкерлері: 2 адам Кітапхана меңгерушісі: Сүлейменова Алтынқүл Әшімқызы – жалпы кітапханашы өтілі 29,7 жыл, бұл оқу орнында- 8,7 жыл, кітапханашы Артықбаева Риздық Мазақбайқызы – кітапхана жұмысының жалпы өтілі 27,7 жыл, бұл оқу орнында- 4,7 жыл.
КОЛЛЕДЖ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ
Колледж кітапханасының мақсаттары білім беру мекемесінің мақсаттарымен байланысты:
• Жалпы білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумын игеру,
оларды көпмәдениетті қоғамдағы өмірге бейімдеу негізінде оқушылардың жеке
тұлға ретінде жалпы мәдениетін қалыптастыру;
• Саналы түрде таңдау жасау үшін негіз құру, жоғары оқу орындарында
жалғастыруға дайын, бәсекеге қабілетті түлектерді дайындау;
• Азаматтыққа, патриотизмге, төзімділікке, адамның негізгі құқықтары мен
бостандықтарын, әртүрлі мәдениеттер мен тілдерді құрметтеуге, еңбек
сүйгіштікке, қоршаған ортаға, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру
КІТАПХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:
• Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты пайдаланушыларға кітапханалық-
ақпараттық қызмет көрсету арқылы іске асыру, олардың мемлекет кепілдік берген
кітапханалық және ақпараттық ресурстарды ақысыз және еркін пайдалануға тең
құқықтарын қамтамасыз ету.
• Колледждің бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігін құру; пайдаланушылардың
барлық санаттары үшін ақпаратқа, білімге, идеяларға, мәдени құндылықтарға
еркін және қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ететін кешенді кітапханалық-
ақпараттық қызметтерді ұйымдастыру.
• Азаматтық сананы тәрбиелеу, білім алушылардың әлеуметтенуіне, олардың
шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектесу.
• Білім алушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға көмек.
• Білім алушылардың қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, жас ерекшелік
психологиялық, ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушыларды жүйелі
оқуы мен бос уақытын ұйымдастыру.
• Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, кітапхананың ақпараттық процестерін
компьютерлендіру, жайлы кітапханалық ортаны ұйымдастыру, оқытушылар мен
білім алушылардың ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу арқылы кітапхананың
ұсынатын қызметтерінің түрлерін жақсарту.
КІТАПХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ
• Жинақтау – кітапхана кітапханалық және ақпараттық ресурстарды
қалыптастырады, жинақтайды, жүйелейді және сақтайды.
• Қызмет көрсету – кітапхана қолжетімді кітапхана және ақпараттық ресурстар
туралы ақпарат береді, кітапхананың ақпараттық қорларын іздеуді және шығаруды
ұйымдастырады, қашықтағы ақпарат көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
• Әдістемелік – кітапхана пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетінің негіздері,
ақпаратты іздеу алгоритмдері мен технологиялары бойынша оқу-әдістемелік
материалдар әзірлейді.
• әр түрлі санаттағы пайдаланушылар үшін ақпараттық мәдениет негіздері бойынша
оқуды ұйымдастырады.
• Кітапхана білім алушыларды әлемдік және отандық мәдениет қазыналарына
ағартушылыққа баулыйды
• Кітапхана тәрбиелік мақсатта мемлекетке, өз өлкесіне деген патриоттық сезімді
дамытуға ықпал етеді.
• Әлеуметтік – кітапхана пайдаланушылардың өзін-өзі тәрбиелеу және қазіргі
ақпараттық қоғамға бейімделу қабілетін дамытуға ықпал етеді.
• Кітапхана пайдаланушылардың құжаттар мен ақпаратқа деген қажеттіліктерін
анағұрлым қанағаттандыру үшін өз қызметін басқа кітапханалармен байланыса
отырып, медиатекалармен үйлестіреді.
КІТАПХАНА ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ БОЛУЫ • Кітапхана туралы ережелер
• Кітапхананы пайдалану ережелері
• Кітапхана басшының лауазымдық нұсқаулығы.
• Кітапхана қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары
• Кітапхананың жылдық жұмыс жоспары
• Кітапхана жұмысы туралы жылдық есеп
• Кітапхананың нормативтік құжаттарының папкасы
КІТАПХАНАНЫҢ ЕСЕПТІЛІК ҚҰЖАТТАРЫ • Кітапхана қорының жиынтық есебі кітабы
• Мүлік кітаптары
• Түгендеу кітабына жазуға жатпайтын басылымдарды есепке алу дәптері
• Жоғалған кітаптардың орнына оқырманнан қабылданған кітаптар мен басқа
құжаттарды есепке алу дәптері
• Шот-фактуралардың көшірмелері мен негізгі әдебиеттерге арналған жазбалар
салынған папка
• Кітапхана қорының қозғалыс актілерінің папкалары
• Кітапхана қорын түгендеу және тексеру актілері
• Кітапхана жұмысының күнделігі
• Библиографиялық анықтамаларды есепке алу журналы
• Пәндер бойынша оқушылардың оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуі туралы
статистикалық есеп
КОЛЛЕДЖ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ Колледж кітапханасының мақсаттары білім беру мекемесінің мақсаттарымен байланысты: • Жалпы білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумын игеру, оларды көпмәдениетті қоғамдағы өмірге бейімдеу негізінде оқушылардың жеке тұлға ретінде жалпы мәдениетін қалыптастыру; • Саналы түрде таңдау жасау үшін негіз құру, жоғары оқу орындарында жалғастыруға дайын, бәсекеге қабілетті түлектерді дайындау; • Азаматтыққа, патриотизмге, төзімділікке, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын, әртүрлі мәдениеттер мен тілдерді құрметтеуге, еңбек сүйгіштікке, қоршаған ортаға, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; • Салауатты өмір салтын қалыптастыру КІТАПХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ: |
КІТАПХАНА ЕРЕЖЕЛЕРІНЕН КӨШІРМЕ
• Барлық колледж білім алушылары кітапхана оқырмандары (пайдаланушылары) БҰҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС • Тақырыптық кітапхана сабақтарын өткізу КӨРМЕ ЖҰМЫСЫ • Кітап көрмелерін безендіру ПАЙДАЛАНУШЫЛАРМЕН ЖЕКЕЛІК ЖҰМЫС Кітапхана оқырмандарға ақпаратты іріктеуде, шығармашылық жұмыстарды рәсімдеуде көмек көрсетеді, кітапхананы пайдалану ережелері бойынша кеңес береді, Интернет-ресурстарды пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастырады. 2020 ЖЫЛҒЫ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
оның ішінде қазақ тілінде: 9134 дана; 20%
|