Директор блогы: №2 АМГПК директоры Дуанабаева Биби Чаимкуловна |
Директор блогы
МІНЕЗДЕМЕ
Дуанабаева Биби Чаимкуловна 27 ақпан 1965 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Абай атындағы педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп, жоғары білім алды. Еңбек жолын Алматы қаласындағаы №124 орта мектебінде бастады. 1999 жылдан бастап осы уақытқа дейін білім беру мекемелерінде (№131 мектеп-лицей, №100 орта мектебі, «Бөбек» ұлттық орталығының «Өзін-өзі тану» гимназиясы, №132 гимназиясы) басшылық қызметінде болды. 2015 жылдан №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлы-педагогикалық колледжінің директоры.
Педагогикалық ғылымдар кандидаты дәрежесіне ие. Ғылыми-педагогикалық мәселелер, ғылыми-әдістемелік құралдар жөнінде 50-ден астам басылымдары шығарылған. Педагогикалық қызметімен қатар ғылымилық әрекеттер жасаумен, түрлі зерттеу жобаларында белсенді қатысуда. Магистрлік диссертациялармен мектеп оқушыларының ғылыми жобаларына жетекшілік жасайды және республикалық аккредитациялық агенттігінің сарапшысы.
№2 АМГПК қызмет ету барысында сауатты, құзыретті басшы ретінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен басқару мәселелерін жан-жақты меңгерген. Қазақстан Республикасының заңнамаларын, стратегиялық, бағдарламалық және нормативтік-құқықтық актілерін тиісті деңгейде біледі.
Педагогтардың шығармашылық тәжірибесінің дамуына үлкен көңіл аударады. Өзі басқарып отырған мекеме тәжірибесін педагогикалық басылымдарда (Ашық мектеп, Білім беру мекемесінің басшысының анықтағышы және т.б.), сондай-ақ семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар арқылы жариялайды. 2018 жылы жаңартылған білім мазмұны аясында мамандарды даярлау жөнінде педагог қызметкерлерінің республикалық кеңесі мен конференцияларында екі мәрте ойымен бөлісті.
Дуанабаева Б.Ч. басқарып отырған колледж, Алматы қаласының Білім беру басқармасы, кәсіпкерлер Палатасы, колледждер Ассоциациялары мен бірлесе жасалған білім беру кластерінің орталығы болып табылады. Биби Чаимкуловна жетекшілігімен жасалынған кластер үйлестіруші, тиімді тәжірибесін таратушы орталығына айналды. Осы бағыттағы жұмысы табысты болғаны үшін 2018 жылы колледждер Ассоциациясы тарапынан «директор-лидер» медалімен марапатталды.
Дуанабаева Б.Ч. кәсіби деңгейін, педагогикалық біліктілігін арттыруға көп көңіл бөледі. ААҚ «Назарбаев зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлігі Орталығы мен Кембридж университетінің білім беру факультеті бірлесе жасаған Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелері басшыларының біліктілігін арттыру бойынша Бағдарламасының толық курсын өтіп, сертификатқа ие болды.
Сондай-ақ, халықаралық конференцияларға, семинарларға, педагогикалық курстарға қатысқанын растайтын сертификаттары бар.
2017 жылы Мәскеу қаласында «Мектепішілік бағалау», «Құзіреттілік бағдардағы тапсырмаларды әзірлеу», Алматы қаласында «Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін тиімді басқару», «Халықаралық ISO 9001 стандартының негізінде білім беру сапасының менеджмент жүйесі» және профессор Звонниковтың (Мәскеу қ.) «Білім беру сапасын басқарудың өлшемдері» бойынша курстар өтті.
Дуанабаева Б.Ч. басқаруымен колледж инновациялық белсенділіктерін танытып, Республика және шетелдік озық ғылыми педагогикалық мекемелерімен: халықаралық серіктестіктер РБА (Мәскеу, Ресей), білім беру инновациясы орталығы (Сеул, Корея), №2 Челябинск қаласындағы педагогикалық колледж (Ресей) сияқты мекемелерімен жаңа технологияларды енгізу, доктор Ванның 5 өлшемдік жүйесі бойынша ағылшын тілін оқытуда бірлесе жұмыс жүргізеді.
Колледж республикалық және халықаралық конкурс, олимпиадаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізді. 2017-2018 жылдары №2АМГПК командасы «Дарынды балаларға – талантты мұғалім» республикалық педагогикалық олимпиадада бірінші дәрежелі дипломға, 2018 жылы Челябинск қаласында «Паруса мечты» халықаралық конкурста бірінші дәрежелі дипломға ие болып, мектепке дейінгі білім беру және тәрбие саласында чемпион атанды.
Биби Чаимкуловна «Қазақстан Республикасының білім берудегі құрметті қызметкері» төсбелгісі (2006ж), ҚР Президентінің құрмет грамотасы (2015ж), ҚР БҒМ грамоталары мен алғыс хаттары, Алматы қаласының Білім беру басқармасы марапаттауларының иегері.
Әуезов аудандық «Нұр Отан» филиалдық партиясының саяси кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытады.
Ұжымда, әріптестер арасында өзінің ішкі мәдениеті, білімділігі, жауапкершілігі, өз кәсібіне сүйіспеншілік таныту қасиеттерімен құрметке ие.