2018 жылы 18 сәуір күні №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде қазақ тілі және әдебиет пәндерінің оқытушылары С.К. Бермағанбетов пен Г.М. Құлтайбаеваның басқаруымен «Жаңартылған білім мазмұны бойынша болашақ мамандардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» («Тиімді оқытудың» жеті модулі негізінде) тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинардың мақсаты: жаңартылған білім мазмұнын кезең-кезеңмен енгізу барысын жүйелеу, оқу бағдарламаларының ерекшеліктерімен таныстыру, колледждің бітіруші курс студенттеріне әдістемелік көмек көрсету, «Тиімді оқытудың» жеті модулі туралы түсінік қалыптастыру, оқытудағы кедергі болатын факторларды айқындау, оларды жою жолдарын анықтау.
Семинарға келесі оқу жылында бастауыш сыныптарға жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақ беретін колледжіміздің 30 бітіруші курс студенттері, 1-сыныптарға сабақ беріп жүрген қала мектеп-гимназияларының мұғалімдері: Гульжан Багисбаевна Тулеева, Лаура Капиетовна Хайдаровалар мен колледжіміздің ғылыми-әдістемелік жөніндегі директордың орынбасары И.А. Зинковец, қазақ тілі және әдебиет пәндерінің әдістемелік комиссиясының төрайымы Қ.Ж. Дандыбаева, пән мұғалімі А.Ж.Шаяхметова қатысты.
Құлтайбаева Гүлмира Мұхаметқалиқызы семинар-тренингке қатысушыларға жаңартылған білім мазмұнын кезең-кезеңмен енгізу барысын жүйелеп, оқу бағдарламаларының ерекшеліктерімен таныстырып, колледждің бітіруші курс студенттеріне әдістемелік көмек көрсетіп, жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оқушы жетістігін критериалды бағалау жөнінде түсінік беріп, тиімді ұйымдастыру мен іске асыру туралы тренингтер өткізді.
Семинар-тренингтің екінші бөлімінде Бермағанбетов Сәндібек Кеңесұлы «Тиімді оқытудың» жеті модулі туралы түсінік қалыптастырып, оқытудағы кедергі болатын факторларды айқындап, оларды жою жолдарын анықтау ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында практикалық сабақ пен тренингтер өткізді.
Семинар-тренинг барысында мектеп-гимназия мұғалімдерімен тікелей сұрақ-жауап жүргізіліп, кездескен қиындықтар мен шешу жолдары қарастырылды. «Оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» туралы толық түсінік берілді. Мектеп мұғалімдері жаңа оқу бағдарламаларын құрастырушы авторлардан алған дәрістері туралы, көптеген өзекті сұрақтарға тиімді жауап беру арқылы «Жаңартылған білім мазмұны бойынша болашақ мамандардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары», «Тиімді оқытудың» әдіс-тәсілдері туралы өз ойларын ортаға салды.
18 апреля 2018 г в колледже проводился семинар – тренинг на тему «Формирование функциональной грамотности у будущих специалистов – один из путей реализации 7 модульного обучения » в условиях обновленного содержания образования. Семинар проводился под руководством опытных преподавателей ПМК казахского языка и литературы Бермаганбетов С.К.и Култайбаева Г.М.
Присутствовали: зам директора колледжа по учебно- методической работе Зинковец И.А., учителя базовых школ Гульжан БагисбаевнаТулеева, Лаура Капиетовна Хайдарова и преподаватели казахского языка Дандыбаева К.Ж.Шаяхметова А.Ж.
Основные цели задачи : разьяснить выпускникам колледжа актуальные вопросы по поэтапному внедрению программ 7 модульного обучения , о проблемах и пути решения по внедрению нового обновленного содержания образования .В ходе семинара осуществлялся обмен информациями учителями школ ,работающих в условиях обновленного содержания образования.
Участники семинар – тренинга 30 выпускников групп с казахским языком обучения проявили высокую гражданскую активность , позитивный настрой на предстоящую педагогическую деятельность.