«Жаңартылған білім мазмұны бойынша әзірленген «Өзін — өзі тану» оқулығы мен оқу әдістемелік кешенінің ерекшеліктері»
16 қазан 2018 жылы № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде «Жаңартылған білім мазмұны бойынша әзірленген «Өзін — өзі тану» оқулығы мен оқу әдістемелік кешенінің ерекшеліктері» атты практикалық семинар өтілді. Семинар барысында «Бөбек» ҮҒПСББО орталығының қызметкерлері, «Өзін- өзі тану» оқулығының авторларымен кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты: Сүйіспеншілік құндылығы арқылы білім алушылардың «Өзін — өзі тану» пәніне кәсіби қызығушылықтарын арттырып, білімге ұмтыла отырып, іздене білуге, ғылыми қызметкерлерді қүрметтеуге, сыйластыққа, жаңашылдыққа тәрбиелеу.
«Өзін — өзі тану» пәнінің оқытушылар Ержанова А.С., Орынбаева Э.Е 3 курс білімалушыларының теориялық білімдерін байқау практикасы алдында бекіту және жаңа оқулықтар жайлы хабардар болу мақсатында кездесу өткізді.
Шараға жиналған білімалушылар ұлы адамдардың өзін-өзі тәрбиелеу, іздену, білім жайында айтылған нақыл сөздерін айта отырып, ұйымдастырылған көрме арқылы білімдерін шыңдай түсті.
Семинарға «Бөбек» орталығынан Тәттімбетова Құралай Жеңісқызы, Аринова Нургүл Айтуовна қатысып, білім алушыларға жаңартылған білім мазмұны бойынша әзірленген «Өзін — өзі тану» оқулығы мен оқу әдістемелік кешенінің ерекшеліктерімен, мұғалімдерге арналған электрондық әдістемелік құралдардың жобасымен таныстырды. Авторлар оқулық жазудың қиында да, қызықты жұмыс екенін айта отырып, білімалушыларды ізденімпаз, шығармашыл болуға шақырды.
Кездесу барысында білімалушылар қонақтармен «Өзін — өзі тану» оқулығы, рухани білім бағдарламасының маңыздылығы жайлы сұхбаттасып өздерінің білім қоржындарын толықтыра түсті.