Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Данышпан қазақ халқы жазушы мен ақынға кенде болған жоқ. Әдебиет әлеміне көз салсақ қазақ халқының арман — мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын,жазушының жүрегіне жиналған, шығармаларына арқау болған Бүгін колледжіміздің төрінде сәби кезінде бір өліп қайта тірілген адам, Тәуелсіз платинаның тарлан сыйлығының лауреаты, Ресейдің Лев Толстой атындағы алтын медаль иегері, шәкірттерге дәріс беретін ұстаз, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, драматург, Қазақстан еңбек ері Дулат Исабековпен кездесу өтті. Кездесу «ӘПКЕ» қойылымы арқылы әртістік қабілетке салынған кейіпкерлерді колледждің белсенді студенттері ашып берді. «Сұрақ-жауап» айдары арқылы көрермен қауым көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жазушының өз аузынан жауабын ала білді. Риза болған Дулат атамыз барша студенттерге батасын беріп, өтілген кездесудің жоғары деңгейде өткендігін айтты.
# жасактерлершығармашылығы
#оқуғақұштарколледж
#читающийколледж