2017 жылдың 21ші қарашасында№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан»Жастар қанаты бірігуімен «Бір ел-бір кітап» акциясы өтті.
«Бір ел-бір кітап» акциясында «Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына» орай 2017 жылғы «Жыл кітабы» ретінде көрнекті қазақ демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу таңдалды. Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу. Колледж кітапханасында, кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар конференциясы өткізілді. Оған «Бастауыш білім беру» мамандығы…