2018 жылдың 28-29 наурызында №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-колледжінің педагог-ұйымдастырушысы Ақтаева Индира Ерланқызы Астана қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Жас Отан» Жастар Қанатының IV- съездіне қатысып келді.
«Біз жаңа әлемге жол саламыз!» атты ұранмен өтіп жатқан шараның 1-ші күнінде республиканың әр өңірінен келген жалынды жастары 5 секция бойынша тақырыптарды талқылап, өзара пікір алмасты. Съездің 2-ші күні «Жас Отандықтар» Конгресс-орталықта Елбасымен кездесті.