Алматы қаласы білім беру класстері аясында №2 Алматы мемлекеттік-гуманитарлық педагогикалық колледжінде 28 ақпан 2018 жылы «Болашақ мұғалімдерді білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысынан дайындау» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Алматы қаласы колледждер Ассоциациясы және әдістемелік кабинетінің басшыларымен қатар, Семей қаласының педагогикалық колледжінің директоры, Алматы облысы Есік гуманитарлы-экономикалық колледжі әкімшілігі, Алматы қаласы колледждерінің әдіскерлері қатысты.
Колледж директоры Б.Ч.Дуанабаева семинарды ашып, келген қонақтарға рахметін білдіре отырып, 15-28 ақпан аралығында өткен әдістемелік онкүндікке шолу жүргізді.
Семинар барысында колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы
жөніндегі орынбасары И.А.Зинковец әдістемелік жұмыстың мақсат, міндеттерімен таныстыра отырып, «№2 АМГПК-нің ғылыми –әдістемелік жұмысының мазмұны» тақырыбында колледжде жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері мен жетістіктері жайлы мәлімет берді.
Колледжде оқу-тәрбие үрдісінде жүргізіліп жатқан клуб жұмыстары жайлы «Учитель» клубының жетекшісі И.Г. Яковлева және «Дошкольник» клубының жетекшісі И.В. Балдина клуб мақсаттарымен таныстыра отырып, іс-тәжрибелерімен бөлісті.
Қонақтар алдында клуб мүшелері ұжымдық шығармашылық жұмыстарымен «Жаңа ғасыр ұрпақтары» командасы және V халықаралық «Паруса мечты-2018» кәсіби шеберлік сайысының 1 орын иегері, III курс білім алушысы Герасимова Ксения жеке шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Ксения жарыс шарттарының күрделі болғанына қарамастан, Қазақстаннан барған 5 педагогикалық колледждер арасында ғана емес, Ресей мемлекетінен қатысқан
15-тен астам оқу орындарының алдында оза шапқаны, колледжіміздің оқу- тәрбие үрдісінің, клуб жұмыстарының нәтижелі жүріп жатқанын айқындап көрсетті. Осы семинар аумағында базалық мектеп ұстаздары, колледж түлектерімен «Белсенді ұстаз — белсенді оқушы» — тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел модераторлары ретінде колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі оқытушысы С.Ф Молдажарова және арнайы пәндер оқытушысы Г.С.Жумакова келген қонақтармен колледж түлектерінің жаңартылған білім бағдарламасы бойынша кәсіби дайындықтары жайлы және жас маман алдынан кездесетін өзекті мәселелерді талқылады.
«Белсенді ұстаз — белсенді оқушы» — тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел.