Семинар колледж директоры Б.Ч Дуанабаеваның «Болашақ мұғалімдерді даярлауда колледждің жұмыс жүйесі» тақырыбында оқыған баяндамасымен ашылды.
«Колледждің даму стратегиясын әзірлеу барысында өткізілетін педагогикалық кеңестің жүргізілуі» тақырыбында колледжде құрылған педагогикалық шеберлік мектебінің құрамындағы оқытушылар мастер-класс ұйымдастырды. Әр колледжден келген директордың оқу-ісінің орынбасарлары оқу орнының миссиясын құру мақсатында топтарға бөліне отырып жұмыс жүргізді.Тиімді әдістерді қолдана отырып, колледж миссиясын ұжыммен белгілеу барысында педагогикалық кеңестің жұмысын жүргізу өте нәтижелі болатынына қонақтар көз жеткізіп, өздерінің қоржындарына қажетті ақпарат алғандарын айта отырып, шығармашылық топқа алғыстарын білдірді.
Семинар барысында Білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысында мемлекеттік іс-тәжірибесінен өтіп жатқан IV курс білім алушылары демонстрациялық сабақтар арқылы кәсіби даярлықтарын көрсетті.
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша IV курс білім алушысы Масалитова Лилия, жалпы білім беретін №127 мектептің 2-сынып оқушыларымен «Естествознание» пәнінен, Аблякиева Анеля №86. мектеп-гимназиясының 2- сынып оқушыларымен «Математика» пәнінен ашық сабақтар өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар интербелсенді-әдістерді қолдана отырып жұптық, топтық жұмыс түрлерін көрсетті.
4 курс білім алушылары Аблякиеав Анеля, Масолитова Лилия Алматы қаласы колледж Ассоциациясының Мадақтама қағазымен марапатталды.
«Колледждің даму стратегиясын әзірлеу барысында өткізілетін педагогикалық кеңестің жүргізілуі» тақырыбында өткізілген мастер-класс.
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша IV курс білім алушысы Масалитова Лилия, жалпы білім беретін №127 мектептің 2-сынып оқушыларымен «Естествознание» пәнінен өткізген ашық сабақтан көріністер.
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша IV курс білім алушысы
Аблякиева Анеля №86. мектеп-гимназиясының 2- сынып
оқушыларымен «Математика» пәнінен өткізген ашық сабақтан көріністер.