1. Алматы қаласы білім Басқармасының «№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлы-педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, мекен жайы: 050042, Алматы қ., Таугуль-2 ы/а, 29/3 үй, тел. 309-55-67, 309-55-69, электрондық пошта: aggpk2@bk.ru
2. Келесі пәндердің педагогтары: педагогика және психология мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын топтарда, ағылшын тілі, тарих, әлеуметтік-экономикалық ғылымдар, география, дене шынықтыру, информатика.
Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады,жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі, оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады, білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Жалақы мөлшері мен шарттары: «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 қаулысына өзгөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 28.01.2020 жылғы № 11 қаулысына сәйкес жалақы мөлшері 136 000 теңгеден еңбек өтіліне және біліктілігіне байланысты айсайын банк карточкасына аударылады