26 қарашада 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде «Латын әліпбиіне көшу аясында мамандарды даярлау-заман талабы» атты конференция өткізілді. Конференцияға Әуезов ауданы колледждерінің оқытушылары қатысты. Жаңа әліпбиді енгізу мәселесі жөнінде А.Байтұрсұнұлы атындағы Тіл Білімі институтының филология ғылымының докторы Жубаева Орынай Сағынғалиқызы, филология ғылымының кандидаты Пашан Дана Мұсабекқызы, Қазақстан Жазушылар Одағының кітапхана меңгерушісі Ағайса Елена Жамелқызы колледждің оқытушылары мен білім алушыларына баяндама жасап , пікір алмасты.