ТІЛ ТҰМАР-БІР ШЫНАР, дәл осындай тақырыппен 21.09.19. күні №2 пед.колледж кітапханасында Тіл мерекесіне орай және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, арналған іс-шара болып өтті. Жылдағы игі дәстүрге айналған бұл шара мемлекеттік тіл – қазақ тілінің биік тұғырлығы мен мерейлі мәртебесіне арналған десек қателеспейміз. Аталмыш шараға 1-2 курс білім алушылар қатысты. Іс — шараны кітапханашылар: А.А. Сүлейменова, Р.М. Артықбаева, қазақ тілі пәні оқытушылары Г.С. Муфтахтинова, Г.М. Культайбаева өткізді.
Мемлекеттік тілдің тарихынан бастап, бүгінгі күндегі биік дәрежесіне дейін әңгімелей келе, мемлекеттік тілдің болашағы бүгінгі ұрпақтың қолында екендігін нақтылады.