2019 жылдың 06 ақпанында №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлы- педагогикалық колледжінде «Өзін-өзі тану»: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы онкүндігі аясында «Сүйіспеншілікке толы жүрек» атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтай отырып, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру барысында патриоттық сезімдерін оятып, отансүйгіштікке, өзін-өзі көпшілік арасында ұстай білуге және жауапкершілікке тәрбиелеу.
«Бөбек» орталығының ғылыми қызметкерлері Нургул Айтуовна, Айгерім Бағлановна, орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Зура Каировна байқаудың әділқазылар алқасында төрелік етті. Әділқазылар алқасы сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтады. Білімалушылар өз шығармашылықтарын оқу бойынша I орынды иеленіп, алға шыққан 1 курс білімалушылары Еламан С., Оразбек А. Фахридинова қалалық байқауға жолдама алды.
февраля 2019 года на базе Алматинского государственного гуманитарно-педагогического колледжа №2 в рамках Декады «Самопознание: педагогика Любви и творчества» прошел конкурс стихотворений собственного сочинения на тему: «Сердце наполненное любовью». Целью данного мероприятия является развитие и поддержка одаренных детей через воспитание чувства патриотизма и ответственности.