Қазіргі кезде жас ұрпақ арасында нашақорлық пен уытқұмарлық мәселесі күннен-күнге өршіп келе жатқандығына Сіздердің назарларыңызды аударғымыз келеді.
Өз балаңызды зиянды әдеттерден сақтағыңыз келе ме? Онда біздің беретін бірер кеңесімізді оқыңыз:
Себептердің бірі – қызығушылық, өзіне беймәлім әсер алғысы келу болса, екіншісі – белгілі бір топқа қосылу. «Ұмыту» және өмірден рахат алу сезімі жасөспірімді нашақорлыққа жиі итермелейді. Ата-аналар көбіне баласының есірткі және уытты заттарды пайдаланатындығын кенеттен және кеш байқайды, дегенмен баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді ертерек байқауға әбден болады. Жасөспірім тұйықталып, ата-анасынан өзін аулақ ұстауға тырысады, телефон арқылы құпия әңгімелер айта бастайды, ескі достары мен оқитын орнын қоса алғанда бұрын айналысқан шаруалары оған қызықсыз болады. Оқуға деген ынтасы төмендеп, уйінен бірнеше күнге жоғалып кетеді, тәрбиеге көнбей, ашуланшақ бола бастайды. Мінез-құлқы тез өзгеріп, көңілсіздік пен енжарлық пайда болады.Интеллектуалдық дамуыныңтөмендегені, түрлі жүйелерінің қызметінің бұзылуы байқалады. Киімі алқа-салқа болып, қалталарынан банкалар, шприцтер, инелер, таблеткалар табылады.Жасөспірімнің қаржы шығыны көбейіп, үйден заттар жоғала бастайды.
Сіз осылардан сақтанғаныңыз жөн!!!!
Сіз ПБЗ қабылдайтын баланың мінез – құлқындағы симпомдармен және сыртқы белгілерімен таныса аласыз:
Симптомдары:
— баяу реакция, ұйқышылдық, түсініксіз сөйлеу,селқостық, еңбекке деген ынтасының төмендеуі немесе шамадан тыс белсенділік таныту, координацияның нашарлауы, ашушаңдық, бет әлпетіндегі мәңгүрттік, көз жанарының үлкеюі немесе керісінше кішіреюі, тәбетінің артуы, елестер көре бастауы, өзіне көңілі толып, жеңілместей сезінуі.
Сыртқы белгілері:
— темекі иісі(түтіні), қалталарындасіріңке, тұтатқыш, шылым ұнтағының, желім құтыларының, папирос қағазының,ақ кристалл ұнтақтың, шыны ыдыстарда немесе полиэтилен пакеттерде кішірек тас тәріздес үзімдердің болуы, тері асты инъекциясына арналған шприцтер мен инелердің, күйдірілген бөтелке қақпағы немесе күйдірілген қасықтың, шырақтың, ұстара жүзінің болуы, саусақтарының сарғаюы, мас адамның кейпі, көздерінің астындағы қызарған ісіктер, жанған жапырақтардың қатты иісі, киім қыртыстары мен қалта тігістерінде ұсақ дәндердің болуы, саусақ терісінің түссізденуі сақтануды қажет етеді.
Асығыс шешім қабылдамай тұрып, алдымен мамандармен (наркологпен, психотерапевтпен, психологпен) бірлесе отырып, профилактикалық іс-шаралар жүргізген дұрыс.
Қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығының сенім телефоны
382-34-19
Наркологтың, психотерапевтің, психологтың консультациясын Сіз Мақатаев көшесі, 10-үй , 1-қабаттағы емханалық бөлімшенің №2, 10,11- кабинеттерінен ала аласыз