26.09.2023 жылы №2 АМГПК-де 1-3 курс білім алушылары арасында «Форум театр» үйірмесінің кезекті жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында форум театр жетекшісі Мусатаева Р. К. білім алушыларды жаңа оқу жылының жоспарларымен таныстырып, үйірме мүшелеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік театр мүшелері жаңа қатысушыларға бейне материал арқылы үйірменің жұмысын көрсетіп, жасөспірімдердің арасындағы жиі кездесетін проблемаларды шешу жолдарын талқылады. Үйірмеге жаңадан қосылған білім алушылар да өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.
Форум театр үйірмесінің негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік өзекті мәселелерді шешу. Яғни, түрлі қойылымдар қою арқылы білім алушылардың эмоционалды интеллектін дамытып, өзекті проблеманы шешуге бағыт бағдар беру және көрермендермен бірге сол қиын жағдайдан шығу жолдарын табу.
Форум театр үйірмесі осы уақытқа дейін жасөспірімдер арасындағы ауқымды мәселелерді көтеріп, соның ішінде өте маңызды тақырыптар қарастырылды, ол жасөспірімдер арасындағы буллингтың алдын алу, жауапсыз махаббат және ерте жүктілікке қатысты қойылымдар.
Жаңа оқу жылында Форум театр үйірмесі көрермендермен бірлесіп қоғамдағы өзекті мәселелерді қойылым арқылы көрсетуге дайын!