2023 жылдың 12-13 қазанында Алматы қаласы Білім басқармасының тапсырысы бойынша Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) креативті индустриялар орталығында «Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі даму перспективасындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып жаңа кәсіптер мен құзыреттер бойынша құрылатын атлас» жобасына арналған Foresight (Форсайт) сессия болып өтті.
5-10 жылдан кейін қандай мамандықтардың өзекті болатынын анықтау үшін Foresight (Форсайт) әдіснамасы пайдаланылады.
Сарапшылар ретінде таңдалған әр саланың тәжірибелі мамандары бірлесіп дамуды бағалайды және болашақ мамандарға қажетті жаңа міндеттер мен құзыреттерді анықтайды.
«Білім: мектепке дейінгі, бастауыш, колледж, жоғары, қосымша» салаларындағы форсайт сессияға №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің әдіскері Батырханова Ғазиза Елесовна қатысып, өз саласында айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар мамандармен бірге саланың дамуына ықпал ететін және болашақта пайда болатын жаңа мамандықтар бойынша эксперт ретінде ұсынысымен бөлісіп қайтты.
12-13 октября в Центре креативных индустрий Алматинского университета менеджмента (AlaU) по заказу Управления образования г.Алматы состоялась Форсайт сессия, посвященная проекту «Атлас новых профессий и компетенций с учетом основных социально-экономических показателей в перспективе развития города Алматы до 2030 года».
Участники, используя методологию Foresight (Форсайт), разбирались, какие профессии будут актуальными через 5-10 лет.
Лучшие специалисты каждой отрасли, выбранные в качестве экспертов, совместно с предпринимателями, педагогами образовательных учреждений и социальными партнерами оценивали развитие и определяли новые задачи и компетенции, необходимые будущим специалистам.
В Форсайт сессии в области «Образование: дошкольное, начальное, колледж, высшее, дополнительное» приняла участие методист Алматинского государственного гуманитарно-педагогического колледжа № 2 Батырханова Газиза Елесовна.