2022 жылдың 24 ақпанында Алматы қаласы Білім басқармасы, ББЖТҒӘО ТжКББ бөлімінің қолдауымен №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен қалалық әдістемелік семинар болып өтті.
Семинарда Алматы қаласындағы мемлекеттік колледждердің оқытушылары ТжКББ ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік балдық- рейтингтік жүйесін қолдану бойынша №2 АМГПК оқытушыларының тәжірибесімен, цифрлық білім беру ресурстарымен және оқытудың интерактивті формаларымен танысты.
Колледж директоры Дуанабаева Б.Ч. құттықтау сөзінде семинарға қатыстырушыларды №2 АМГПК оқу процесіндегі инновациялық технологиялар, жаңа оқыту әдістері мен формаларының қалай іске асып жатқандығы туралы таныстырып, аталмыш семинарды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Колледждегі арнайы пәндердің оқытушылары Казизова Ж.Г., Абалкасова Г.Е., Қожабергенова А.Қ. және Салихова Б.У. панорамалық сабақ өткізіп, қатысушыларға білім берудің инновациялық түрлерімен танысуға және жаңа бағалау жүйесін қолданудағы практикалық дағдыларды байқауға мүмкіндік берді.
Семинар барысында директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Зинковец И.А. және колледж әдіскері Батырханова Г.Е. семинарға қатысушыларға бақылау парағын құрастыру жөнінде түсіндіріп, содан кейін оқытушылар шағын топтарда ұсынылған алгоритм бойынша бағалау парақтарын әзірледі.
Семинарды қорытындылай келе, білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ТжКББ бөлімінің басшысы Сулейменова Г.Ж. №2 АМГПК басшылығының білім беруді жаңғырту жағдайында тәжірибе алмасу бойынша бірлесіп жұмыс істеудегі белсенділігін атап өтті.
📚📚📚
24 февраля в Алматинском государственном гуманитарно-педагогическом колледже №2 при поддержке ГНМЦНТО отдел ТиПО Управления образования г.Алматы состоялся городской методический семинар.
Семинар позволил педагогам государственных колледжей г.Алматы ознакомиться с опытом работы преподавателей АГГПК №2 по применению буквенной балльно-рейтинговой системы оценивания учебных достижений обучающихся в организациях ТиПО, цифровых образовательных ресурсов и интерактивных форм обучения.
Панорамные уроки преподаателей Казизовой Ж.Г., Абалкасовой Г.Е., Кожабергеновой А.К. и Салиховой Б.У. позволили участникам познакомиться с инновационными формами обучения и наблюдать практические навыки применения новой системы оценивания.
В ходе дальнейшего практикума заместителем директора по УМР Зинковец И.А. и методистом Батырхановой Г.Е. был продемонстрирован алгоритм составления чек-листа, а затем в малых группах участники семинара разработали свои оценочные листы согласно представленному алгоритму.
Подводя итоги семинара, руководитель отдела ТиПО городского научно-методического центра новых технологий в образовании Сулейменова Г.Ж. отметила инициативность руководства АГГПК №2 к совместной деятельности по обмену опытом работы в условиях модернизации образования