2022 жылдың қараша айында «Жұмыс берушілер күні» аясында Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде әлеуметтік серіктестердің қатысуымен «Дуалды білім беру жүйесі колледждегі әлеуметтік әріптестікті нығайту факторы» тақырыбында шағын педагогикалық кеңес (дөңгелек үстел) өтті.
Педагогикалық кеңестің мақсаты: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау үшін дуалды оқыту элементтерін енгізудің өзекті мәселелерін талқылау.
Іс-шараға әлеуметтік серіктестер: №14 балабақша меңгерушісі Салимова Лаззат Нұрсланқызы, №185 балабақша меңгерушісі Яфарова Гүлнара Халиловна, №53 балабақша әдіскері Слямова Қымбат Сьездқызы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ТжКБ және колледжде дуалды оқытуды енгізу мәселелері, мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары мен қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері, тағылымдамадан өту талаптары, тәлімгерлерге еңбекақы төлеу және т.б өзекті мәселелер талқыланды. Әлеуметтік серіктестер дуалды оқытудың тиімділігі мен кемшіліктері туралы өз ойларын ортаға салып, кадр тапшылығын ескере отырып, ТжКБ-да дуалды оқыту бойынша мектепке дейінгі білім беру мамандарын даярлау қажеттілігін атап өтті.
Сонымен қатар «Жұмыс берушілер күнін» атап өту барысында №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің «Ұстаз», «Учитель» кәсіптік клуб базасында 4 курс студенттерімен «Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау туралы келіссөздері» атты іскерлік ойыны өтті. Іскерлік ойын биылғы оқу жылында алғаш рет өткізіліп отырған «Жұмыс берушілер күні» аясында ұйымдастырылды.
Ойынның мақсаты табысты жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдылар мен мінездемелерді дұрыс анықтауды іс жүзінде қолдана отырып үйрету болып табылатын іс-шара, ТжКБ түлектерінің сұхбатқа қатысу кезінде қандай дағдыларға ие болуы керектігін анық көрсетті.
Іскерлік ойын 2 кезеңнен тұрды.
1-кезең – «Табысты жұмыспен қамту» тренингі.
2 кезең – Әлеуметтік серіктестермен сұхбат.
Іс-шара жоғары деңгейде, мазмұнды және қарқынды өтті. Шара барысында колледж түлектері өзін-өзі таныстыру, түйіндеме жазу бойынша практикалық білім алып, тәртіп ережелерімен танысты.
В ноябре 2022 года в рамках проведения «Дня работодателя» в Алматинском государственном-гуманитарно-педагогическом колледже состоялся малый педсовет в формате круглого стола на тему: «Дуальная система обучения как фактор укрепления социального партнерства в колледже».
Целью встречи стало обсуждение актуальных проблем, связанных с внедрением дуального обучения в учебный процесс колледжа по специальности «Дошкольное воспитание и обучение»
В мероприятии приняли участие социальные партнеры: заведующая детским садом №14 Салимова Лаззат Нурслановна, заведующая детским садом №185 Яфарова Гульнара Халиловна, методист детского сада №53 Слямова Кымбат Съездовна.
В ходе круглого стола были рассмотрены вопросы внедрения дуального обучения в ТиПО и в колледже, результаты анкетирования среди обучающихся и сотрудников дошкольных организаций, обсуждены актуальные вопросы по требованиям к прохождению практики, оплаты наставников и др.
Социальные партнеры высказали свое мнение об эффективности и недостатках дуального обучения и поделились мыслями, отметив необходимость подготовки специалистов дошкольной системы обучения по дуальному обучению в ТиПО, учитывая дефицит кадров.
Также в рамках проведения «Дня работодателя» состоялась деловая игра «Переговоры работодателя и молодого специалиста о приеме на работу» с обучающимися 4 курса на базе профессиональных клубов «Ұстаз», «Учитель».
Мероприятие, целью которого являлось научить правильно определять и практически демонстрировать навыки и характеристики, необходимые для успешного трудоустройства, наглядно показала какими навыками должны обладать выпускники ТиППО при участии в собеседовании.
Деловая ига состояла из 2-х этапов.
1 этап — Тренинг «Успешное трудоустройство».
2 этап – Проведение собеседования с социальными партнерами.
Мероприятие прошло на высоком уровне, познавательно и динамично. В ходе мероприятия выпускники колледжа получили практические знания о самопрезентации, составлении резюме, ознакомились с правилами поведения. Эти навыки и умения они смогут применить на собеседовании при приеме на работу.