2019 жылы 7 қарашада №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық- педагогикалық колледжінің ТжКБ жүйесінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыруды ұйымдастырудың шарттары» тақырыбындағы әдістемелік семинар өтті. Семинарға Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО -ның әдіскері З.С.Бибалинова, «Бөбек»ҰҒПББСО ғылыми қызметкері А.К. Кобдикова және Алматы қаласының ТжКБ ұйымдарының директордың тәрбие жұмысының орынбасарлары, өзін-өзі тану мұғалімдері қатысты. Семинар бағдарламасы бойынша «Бөбек»ҰҒПББСО ғылыми қызметкері А.К. Кобдикова: «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы білім алушылардың зияткерлік және рухани адамгершілік тұрғыда үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің негізі ретінде» баяндама жасады. Семинар барысында колледж директоры, п.ғ.к. Б.Ч.Дуанабаеваның : «ТжКБ-да «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асырудың ұйымдастыру ерекшеліктері» баяндамасында колледжде рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Колледж әдіскері, «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы А.С. Ержанова «Оқу-тәрбие жұмысына «Өзін-өзі» тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау» тақырыбында педагогикалық іс-тәжірибесін таратты. Сонымен қатар колледж директорының тәрбие жұмысының орынбасары И.С. Шелаева: «Колледжде ұжымдық-шығармашылық жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасап ұжымдық шығармашылық жұмысты ұйымдастыру жолдарымен таныстыра отырып, жасөспірімдерді тәрбиелеу барысында ұжымдық шығармашылық жұмысының маңыздылығын атап өтті. Семинарға келген қонақтар колледждің респупликалық педагогикалық олимпиада жеңімпазадары «Жаңа педагогикалық толқын» атты командасының «Учитель, которого ждут» /КТД/ тақырыбындағы қойылымын тамашалап, жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған жұмыс екенін атап, пікірлерін білдірді.