«Бір ел-бір кітап» акциясында «Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына» орай 2017 жылғы «Жыл кітабы» ретінде көрнекті қазақ демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу таңдалды. Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу.
Колледж кітапханасында, кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар конференциясы өткізілді. Оған «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алушылары қатысып, ақынның шығармаларымен толығырақ танысып, өз ойларымен бөлісті.
Баршаңызды Сұлтанмахмұт шығармаларын оқуға шақырамыз!