№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлы- педагогикалық колледжінің 2024-2025 оқу жылының жоспары негізінде қыркүйек айында 4 курс білім алушылары Алматы қаласының мектептерінде «Баланың мектептегі алғашқы күндері», Байқау практикасынан өтті. Практика қорытындысы бойынша қазан айында 4 курс білім алушыларымен колледжде конференция өткізілді.
Конференцияға: 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», Біліктілік 4S01140101«Бастауыш білім беру мұғалімі»
01140700 «Информатика», Біліктілік 4S01140701 «Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі» 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
Біліктілік 4S01140605 «Шетел тілі мұғалімі»
Мамандық 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»
Біліктілігі 4S01140102 « Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» мамандықтары бойынша білім алушылар қатысты. Конференцияда практика барысында алған тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби шыңдалу барысында жинақтаған әдіс-тәсілдері мен практика барысында туындаған проблемаларды ортаға салды. Сонымен қатар практика жетекшілері, әдіскерлер қатысып, ұсыныстар білдіріп, практика нәтижесін қорытындылады.Конференцияны директордың колледждің практика жөніндегі орынбасары Орынбаева Э.Е. және әдіскер Ержанова Айғаным Сайлаужановна өткізді.