№ 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжінде «Тілдік» әдістемелік комиссиясының күшімен ақпан айының 8-14 аралығында «Тілдерді меңгеру – жарқын болашақ кепілі» атты I-II курс білім алушыларының арасында сайыс болып өтті.
Мақсаты: білім алушылардың арасында зияткерлік, шығармашылық және тілдік қабілеттерін дамыту, көпмәдениетті тұлғаны,сондай-ақ, қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру.
Сайыс үш кезеңнен тұрды.
1-кезең: 9 ақпанда 30 сұрақтық тест (қазақ тілінен -8 сұрақ, орыс тілінен – 7 сұрақ, ағылшыннан – 15 сұрақ) Quizizz платформасында қашықтықтан алынды. Жауапты оқытушылар: А.Қ. Арыстанбек, А.С. Ғиззатова, Т.Б. Зулькарнаева. Сайысқа I-II курс білім алушылары қатысты. Нәтижесінде, Черненко Маргарита, Абылкасымова Диора, Ибрашова Даяна, Жұмахан Дария 2- кезеңге мүмкіндік алды.
2-кезең: ZOOM платформасында қашықтықтан 11 ақпанда өткізілді.Сайыстың екінші кезеңі Speaking ( ситуациялық тақырыптар), яғни, барлық қатысушылар үшін лексикалық сөз тіркестерін, сөздік қорларын пайдалану және белгілі тақырыптар бойынша өз пікірін айта білу бойынша тапсырмаларды қамтыды. Бұл кезеңнің жауапты оқытушылары:
А.О. Баймұратова, Н.Е. Мүбарак, Ж. К. Байгаскина болды. Сынақтан ИС -18 тобының білім алушылары Абылкасымова Диора, Ибрашова Диана,Жұмахан Дария өтті.
3-кезең: Сайыстың қорытынды кезеңінде өзі қалаған тілінде ақын-жазушылардың бір шығармасын жатқа оқу ұсынылды. Соңында, ИС -18 топтың білім алушысы Абылкасымова Диора өзінің білімділігін, тілге деген құштарлығын танытып, қалалық III көптілді лингвистикалық колледжінде өткізілетін олимпиадаға жолдама алды. Жетекшісі: ағылшын тілінің оқытушысы А.Қ. Арыстанбек.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
«Үш тілді білген,өзгеден үш есе биік тұрады», — демекші,колледждер арасында 98 білім алушы қатысқан қалалық олимпиадада II деңгей бойынша ИС-18 тобының білім алушысы Абылкасымова Диора, жетекшісі Арыстанбек Айым Қайратқызы III орынды иеленді.