№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжінің 2 курс білім алушылары 5-қазан мен 26 қазан аралығында қала мектептерінде «Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» практикасынан өтті. Практика барысында білім алушылар бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие жұмысының жоспарымен танысып, жұмыс түрлерін зерттеді. Практиканттар бөлінген сыныптарының тәрбие жұмысының үлгі жоспарын жасақтап, сынып сағаты сценарийлерін, ұжымдық шығармашылық жұмыстар даярлап, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жұмыстар жүргізді.Әр білім алушы бөлінген сыныбында 3-4 сынып сағаттарын өткізді.
Практика нәтижесі бойынша 9 қарашаға дейін әр топ құжаттарды жинақтап, конференцияда қорытынды есеп берді. Конференция барысында практикадан алған әсерлерімен бөлісіп, жинақтаған тәжірибелерін ортаға салды. Практика бойынша бекітілген әдіскерлер білім алушылардың жетістіктерімен, практика барысындаға туындаған қиындықтарды атай отырып, практиканың өте тиімді болғанын атап көрсетті.