16-қыркүйек күні Қазақстан жазушылар кітапханасында «Әсем қала, ару қала — Алматы» атты әдеби-сазды кеші өтті. Әдеби кешке №2 Алматы педагогикалық колледж кітапханашысы Сулейменова А.А. мен Ш-13к, тобының білім алушылар қатысты. Білім алушылар көркем қаламыз туралы өлендер мен арнауларын оқыды.
Кештің қадірлі қонақтары ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы төреғасының орынбасары Бақыт Беделхан, жазушы-журналист «Ақжелкен» журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы, сүйікті қаламыз туралы естеліктерімен бөлісіп, ғажап мекен Алматымызға арналған өлендерін оқып, ақ тілектерін білдірді.