01.11.2022 жылы №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық –педагогикалық колледж ұйымында Қазақстан Республикасы Президенттігіне Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері кездесу өткізді. Кездесу спикерлері:
1.Байгуттинов Серік Қадралинұлы — «Устаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіподағының ҚБ төрағасы, партияның Әуезов аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі.
2. Қарағұлов Ерұлан Серікұлы-Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры, БПҰ төрағасы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
3.Бақдәулетов Дархан Бақдәулетұлы-арнайы пәндер оқытушысы, «Алматы облыстық сервис және тамақтану саласындағы инновациялық технологиялар колледжі»,»Аслан» БПҰ төрағасы.
4.Чукумов Бауыржан Ғаббасұлы-партияның Әуезов аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары, партия ардагері.
Спикерлер өз тараптарынан Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының нақты мақсаты мен міндеттерін айта отырып, жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Халқымыздың болашаққа деген сенімі жоғары болу үшін әр азаматтың бойында отаншылдық, саяси жауапкершілік болуы керек осы жауапты сәтте әрқайсымыз өз таңдауларыңызды жасауымыз керек