05.09.2022. күні №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық — педагогикалық колледж кітапханасында Ұлт ұстазы, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында және 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Тіл – ұлттың жаны,тіл – ұлттың асыл қазынасы» атты кітапханалық іс – шара өтті. Мақсатымыз білім алушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Іс – шараны ұйымдастырушы кітапханашылар Сулейменова Алтынкуль Ашимова және Артыкбаева Риздык Мазакбаевна іс — шараға танымал жерлесіміз Әбішева Рыскен Рахымқызы, Қазіргі таңда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі қазақ тіліне қосқан үлесі зор бірнеше кітаптың авторы шақырылды . Кездесуге И 27К тобының білім алушылары мен кураторы Асанова Алуа Амирхановна және қазақ тілі мұғалімі Дандыбаева Қарлығаш Жунісова қатысып, Рыскен Рахымқызының берген сұхпатынан алған әсерлерімен бөлісті. Кітапханада ұйымдастырылған «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы — ой» атты кітап көрмесімен кітапханашы Артықбаева Р.М. таныстырды.Кездесу барысында автор кітаптарын кітапханаға сыйға тапсырды.