«Өзін-өзі тану»: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы онкүндігі аясында Қоғамтану және өзін- өзі тануды оқыту әдістемесі пәнінен Орынбаева Э. Е. 3 курс білімалушыларымен «Ұлттық мәдениеттің тұрпаттық сипаттамасы. Тәрбие тал бесіктен басталады» тақырыбында ашық сабақ, Хасенова Л.С. «Э.Асадов. Лирика.» тақырыбында орыс әдебиетімен өзін-өзі тану пәндерінен интеграциялық сабақ өткізді. Ал «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушылары Изгуттиева Г. А. «Покой как истинное счастье» тақырыбында, Муханбеталиева Л.Б. «Жақсылықтан жақсылыққа»тақырыбында ашық сабақтар өткізді. 22 ақпан күні әдіскер Ержанова А.С. 1 курс ИФ-15 тобының білімалушыларымен «Дұрыс әрекет- тәжірибесі» тақырыбында және арнайы пәндер оқытушысы Мырзалиева К.Ж. Жаратылыстану негіздері және дүниетану оқыту әдістемесі пәнінен «Жер-Күн жүйесінің планетасы» тақырыбында өзін-өзі тану пәнімен интеграциялық сабақ өткізді.Өткізілген сабақтарға «Бөбек» орталығының ғылыми қызметкерлері қатысып, тәжірибе тарату мақсатында А.С Ержанова, Э.Е.Орынбаева, Г.А. Изгуттиеваның сабақтары видеоға түсіріліп, «Бөбек» ҒПСББО сайтына жіберілді.
Ашық сабақтардан көріністер
«Өзін-өзі тану»: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы