Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, бүкілқазақстандық диктант №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде 10 қыркүйек күні сағат 11.25 те өткізілді.
Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру. Қатысушыларға диктант мәтінін оқу, жазу ерекшелігін түсіндіру және тексеру жұмыстары тіл мамандарына тапсырылды.
Нәтижесінде, 123 білім алушы, 5 оқытушы қатысып, 161 сөзден тұратын бүкілқазақстандық жазба жұмысын орындады. (Үздік жазғандар- 45, екпінділер – 67, қанағаттанарлық — 16)